ЖБ Шоу! Жаңа шығарылым! Эфирде Ермаш, Олжас және Ганс!

Олимпиада жүлдегері Шымкентте ауыр жарақат алып, операция жасалды

11.09.2025, 14:03

Оған ашық ота жасалып, сіңірі жалғанды

Олимпиада жүлдегері Шымкентте ауыр жарақат алып, операция жасалды
Спортты дамыту дирекциясы

Рио Олимпиадасының қола жүлдегері, ауыр атлет Карина Горичева Шымкентте Әлем чемпионатына дайындық кезінде ауыр жарақат алды.

Шымкент қалалық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, спортшы 23 тамыз күні таңғы жаттығу кезінде жарақат алған. Дәрігерлер оны жедел түрде №1 қалалық клиникалық ауруханаға жеткізіп, тексеру жүргізген.

«Дәрігерлер спортшының сіңірі үзілгенін анықтады. Оған ашық ота жасалып, сіңірі жалғанды», – делінген басқарма хабарламасында.

Қазіргі таңда Горичеваның жағдайы жақсы. Ол дәрігерлерге алғысын білдіріп, отадан кейін өзін жақсы сезінетінін айтты.

Мамандардың айтуынша, Ахилл сіңірі – адам ағзасындағы ең ірі сіңір және ол спортшылар арасында жиі үзіліп кетеді.

Карина Горичева

Туған күні: 1993 жылғы 8 сәуір
Туған жері: Талдықорған
Жеке бапкері: жоқ

Жетістіктері:

  • Әлем чемпионатының күміс жүлдегері (2011, 63 кг)

  • Әлем чемпионатының қола жүлдегері (2012, 63 кг)

  • Азия чемпионатының қола жүлдегері (2012, 63 кг, жастар арасында)

  • Универсиада күміс жүлдегері (2013, 63 кг; 2017, 69 кг)

  • Олимпиада ойындарының қола жүлдегері (2016, 63 кг)

  • Қазақстан Республикасының спорт шебері

  • Халықаралық дәрежедегі спорт шебері

  • Азия ойындарына қатысушы (2014 — 63 кг, 4-орын; 2023 — 64 кг, 5-орын)

Горичева Қазақстан әйелдер ауыр атлетикасының үздік өкілдерінің бірі саналады.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам