ЖБ Шоу! Жаңа шығарылым! Эфирде Ермаш, Олжас және Ганс!

«Жігітше кетіп қалсаңдаршы»: Қуат Хамитов Ардақ Назаровқа шүйлікті

11.09.2025, 16:40

Қуат Хамитов: Қазір ұйықтайтын емес, экономикалық соғысатын уақыт

«Жігітше кетіп қалсаңдаршы»: Қуат Хамитов Ардақ Назаровқа шүйлікті
Коллаж 1bol.kz

ММА спортшысы Қуат «Найман» Хамитов Мәжіліс депутаты Ардақ Назаровтың Парламент мінберінен анасын құттықтауына байланысты пікір білдірді. Ол қазіргі жағдайда депутаттар қоғамның өзекті мәселелерін шешуге басымдық беруі қажет екенін атап өтті.

Хамитовтың толық пікірі төмендегідей:

«Достар, ассалаумағалейкүм. Қазір енді Арекең анасын туған күнімен құттықтап, интернетті жарып жатыр ғой. Халық екіге бөлініп жатыр. Менің айтайын дегенім, бізді Алла сол күнге жеткізсін, Алла бұйырса, біз арабтар сияқты өте бай, қазақтардың бәрінде 5-6 көлік, ақ киімнің орнына шапан киіп алып, басқа мемлекеттерден құл әкеліп, бір адамның басында 5-6 үйден болса, арабтардан асып, бай болып бара жатқанда, медицина мен университет тегін, үйленгендерге тегін үй берілсе, Қытайды алып келіп, технология мен ауыл шаруашылықты көтеріп, жағдайдың бәрін істеп тастағанда депутаттар «Енді не істейміз?» деп ойланса болады. Құттықтаймыз ба, бір-бірімізбен бәстесеміз бе, депутаттар отыратын жерге диван қойып, ұйықтайсыздар ма, оның бәрін істеуге болады. Бірақ қазір емес, оның уақыты келген жоқ. Неге десеңіздер, 2010 жылы менің бала кезімнен бастап халықтың жағдайы өзгермеген. Әлі сол жұмыссыздық, киім-кешек жоқ, несие. Қазір ұйықтайтын емес, экономикалық, даму жағынан соғысатын заманда сондай ғана депутаттар қалуы керек қой. Қалғаныңның бәрің жігітше кетіп қалсаңдаршы, менің осы жақта пайдам жоқ, құр отырмын деп кетіп қалу керек. Сондықтан еліміз үшін еңбек етуді тоқтатпайық», – деді спортшы.

Айта кетейік, кеше депутат Ардақ Назаров ресми сауалын жолдамас бұрын анасына деген ыстық ықыласын жеткізуді жөн көрді. Парламент мінберінен сөз алған Назаров анасын 70 жасқа толуымен құттықтап, жүрекжарды тілегін айтты.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 8
Ұнамайды 3
Күлкілі 3
Ашулану 3
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам