Жаңа шығарылым! Өз қақпасына гол соғып, оңбай қателескен футболшылар

Әйгілі велошабандоз Александр Винокуров туған жеріне келді

25.01.2024, 16:01

Спорт ардагері қазір Еуропада тұрады

Әйгілі велошабандоз Александр Винокуров туған жеріне келді
Фото Ғауез Нұрмұхамбетовтің Facebook-парақшасынан

Велоспорттан Лондон олимпиадасының чемпионы Александр Винокуров Солтүстік Қазақстан облысына келді. Бұл туралы өңір басшысы Ғауез Нұрмұхамбетов өзінің Facebook-парақшасында жазған.

Облыс әкімі Винокуровтың СҚО-ның велоспортына қосып жүрген үлесі зор екенін атап өтті.

«Cолтүстікқазақстандық атақты велошабандоз, Олимпиада чемпионы, «Astana Qazaqstan Team» командасының бас менеджері Александр Винокуровпен кездестім. Александр Николайұлы Қазақстанда велоспорттың дамуы мен танымал болуына зор үлес қосып жатыр. Оның ұлдары Алекс пен Николя Винокуровтар да әке жолын таңдап, бүгінде веложарыстарда облысымыздың намысын қорғап жүр. Николя Винокуров 23 жасқа дейінгі топтық жарыста Қазақстанның екі дүркін чемпионы және жастар арасындағы Азия чемпионатының қола жүлдегері. Солтүстікқазақстандық велошабандоздардан құралған «Vino SKO Team» континенттік командасы республикалық және халықаралық веложарыстарға қатысып жүр. Тағы бір атақты велоспортшымыз Алексей Луценко биыл жазда Парижде өтетін Олимпиадада бақ сынамақ. Алексейге Александр Винокуровтың ерлігін қайталап, Олимпиада чемпионы болуын тілейміз», - деп жазды облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам