Спорттағы "сақалбайлар" өте қауіпті! Жаңа шығарылым!

«Өнерінен ләззат алыңыз»: ХОК Элизабет Тұрсынбаеваға жоғары баға берді

26.01.2024, 10:59

Қазастандық мәнерлеп сырғанаушы 2021 жылы спорттағы мансабын аяқтаған

«Өнерінен ләззат алыңыз»: ХОК Элизабет Тұрсынбаеваға жоғары баға берді
Спорт-Экспресс

Халықаралық Олимпиада комитеті әлеуметтік желіде қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Элизабет Тұрсынбаева туралы жазба жариялады. Атап айтқанда, қазақ қызының 2016 жылы Лиллихаммерде көрсеткен өнерінің видеосын жүктеп, оның шеберлігіне жоғары баға берген.

«Элизабет Тұрсынбаеваның 2016 жылғы Лиллехаммердегі динамикалық еркін бағдарламасынан ләззат алыңыз», - деп жазылған ХОК жарияланымында.

Қазақстан спортшысы 2021 жылы ресми түрде спорттық мансабын аяқтағанын хабарлады. Ол өзінің мансабында айтулы табыстарға қол жеткізген болатын. Мәселен, 2019 жылы Сайтамада өткен әлем чемпионатында жекеле сын бойынша күміс жүлдегер атанса, сол жылы Анахаймда өткен төрт құрлықтың біріншілігінде қазылардың жоғасы бағасын алып, екінші орын иеленді. Сонымен бірге, Красноярск қаласында 2019 жылы өткен Универсиада ойындарында екінші орынға тұрақтады.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам