ЖБ Шоу! Жаңа шығарылым! Эфирде Ермаш, Олжас және Ганс!

Демеу Жадыраев әлем чемпионатын жеңіспен бастады

Бүгін, 15:27

Қорытынды есеп – 5:2

Демеу Жадыраев әлем чемпионатын жеңіспен бастады
olympic.kz

Загребте (Хорватия) өтіп жатқан күрес түрлерінен әлем чемпионатында Қазақстан спортшысы, грек-рим күресінің шебері Демеу Жадыраев алғашқы белдесуін сәтті өткізді.

77 келі салмақ дәрежесінде сынға түскен Демеу жарысты 1/16 финалдан бастады. Оның қарсыласы – 23 жастағы фин спортшысы Джонни Куннари Сарккинен болды. Белдесуде Сарккинен алғаш болып 2:0 есебімен алға шыққан. Алайда Жадыраев есепті теңестіріп (2:2), артынша 4:2 есебімен алға озды.

Фин командасы «челлендж» алып, төрешілердің шешімін қайта қарауды сұрағаннан кейін ұпай қайта есептеліп, есеп 2:2 болып өзгерді. Дегенмен, белдесу аяқталуына бір жарым минут қалғанда Демеу тағы бір әдемі әдіс жасап, екі ұпай еншіледі. Қарсылас жаттықтырушысы тағы да «челлендж» сұрағанымен, бұл жолы да төрешілер өтінішін қанағаттандырған жоқ. Қорытынды есеп – 5:2. Демеу Жадыраев сенімді жеңіске жетті.

Айта кетейік, Демеу Жадыраев – Парижде өткен 2024 жылғы Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері. Бұл медаль сол додадағы қазақстандық балуандар арасындағы жалғыз жүлде болған еді. Бұған дейін ол 2017 жылғы әлем чемпионатында, 2018 жылғы Азия чемпионатында күміс алып, 2015, 2019 және 2021 жылдары құрлық біріншілігінде үш мәрте қола медаль иеленген.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0
×