ЖБ Шоу! Жаңа шығарылым! Эфирде Ермаш, Олжас және Ганс!

«Екі медаль бар, бұл да жаман емес»: Бас бапкер Қайпанов пен Айтмұханның не үшін жеңілгенін айтты

Бүгін, 16:09

Еркін күрестен 2025 жылғы әлем чемпионаты аяқталды

«Екі медаль бар, бұл да жаман емес»: Бас бапкер Қайпанов пен Айтмұханның не үшін жеңілгенін айтты
ҰОК

Загребте (Хорватия) еркін күрестен 2025 жылғы әлем чемпионаты өз мәресіне жетті. Бұл додада Қазақстан балуандары екі қола медаль жеңіп алып, командалық есепте алтыншы орынға тұрақтады.

Қазақстан құрамасының басты жетістігі – Асылжан Есенгелді (61 келіге дейін) мен Нұрқожа Қайпановтың (70 келіге дейін) жүлделі үшінші орынға көтерілуі.

  • Есенгелді ширек финалда Олимпиада чемпионы ресейлік Заур Угуевке есе жібергенімен, жұбаныш белдесулерінде сенімді өнер көрсетіп, шешуші сәтте америкалық Джексон Форрестті жеңді.

  • Қайпанов жанкүйерлердің ықыласына «камбэк шебері» ретінде танылды. Ол бірнеше рет есепте ірі айырмашылықпен ұтылып жатып, қарсыластарын айқын жеңді. Қола үшін өткен тартыста молдовалық Василий Дьяконды тізе бүктірді.

Басты фавориттердің бірі Ризабек Айтмұхан жарысты алғашқы айналымнан аяқтады. Ол ресейлік Магомед Курбановқа есе жіберді. Сондай-ақ, Камиль Куруглиев (92 келіге дейін) қола медаль үшін белдесуде ирандық Амирхоссейн Фирузпурбандпеиге жол беріп, бесінші орынмен шектелді. Азамат Дәулетбеков (86 келіге дейін) ширек финалда француз балуанына есе жіберіп, жүлдеден тыс қалды. Басқа салмақтарда да спортшыларымыз ерте жеңілді.

 

Бас бапкер Мадияр Құрамысов Olympic.kz сайтына берген сұхбатында жарысты қорытындылады:

"Жоспарымызды орындадық. Әрине, тағы бірнеше медаль алуға болатын еді, бірақ өкінішке қарай сәті түспеді. Айтмұхан да жүлдеден қағылды. Ризабек - өте дарынды балуан, бірақ бұл чемпионатта әлеуетін толықтай көрсете алмады. Әйтсе де қарсыласы да мықты болды.

Қайпановқа келсек, ол жартылай финалда моңғол балуаны Тулга Тумур Очирге жол берді. Нұрқожа үшін жарыс күні өте ауыр өтті, ол әбден шаршады. Сондықтан да жеңіліп қалды. Әйтпесе екі дүркін чемпионы атануға мүмкіндігі болды.

Қазіргі таңда әлем чемпионатында бәсекелестік өте жоғары. Жеңіске жету оңай емес. Көптеген мықты құрамалар жүлдесіз қалды. Бізде болса екі медаль бар, бұл да жаман нәтиже емес. Енді алдағы сайыстарға дайындаламыз, ойланатын нәрсе жетеді", - деді ол.

 

Айта кетсек, Камиль Куруглиев (92 келіге дейін) те қолаға таласты. Бірақ шешуші белдесуде ирандық Амирхоссейн Фирузпурбандпеимен кездесіп, мерзімінен бұрын жеңілді. Сөйтіп бесінші орынға тұрақтады. Ал Азамат Дәулетбеков (86 келіге дейін) ширек финалға дейін жетті. Бірақ француз Рахим Магамадовпен өткен кездесуде қарсыласының сәтті әдісіне тосқауыл қоя алмай, жеңіліп қалды. Басқа салмақтарда балуандарымыз жарысты ерте аяқтады.

Командалық есепте Қазақстан 48 ұпай жинап, алтыншы орын алды. Бірінші орында - Иран (145 ұпай), екінші - АҚШ (134 ұпай), үшінші - Жапония (111 ұпай).

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0
×