ЖБ Шоу! Жаңа шығарылым! Эфирде Ермаш, Олжас және Ганс!

Олимпиада чемпионынан екінші рет жеңілген Демеу Жадыраевқа бір мүмкіндік берілді

Бүгін, 10:11

Украиналық балуан Игорь Бычковпен жұбаныш белдесуінде күш сынасады

Олимпиада чемпионынан екінші рет жеңілген Демеу Жадыраевқа бір мүмкіндік берілді
Фото: Спортты дамыту дирекциясы

Загребте (Хорватия) өтіп жатқан грек-рим күресінен әлем чемпионатында қазақстандық балуан, Олимпиаданың күміс жүлдегері Демеу Жадыраев ширек финалда қарсыласынан жеңіліп қалды.

77 келі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен Демеу 1/4 финалда жапониялық Нао Кусакаға 2:4 есебімен есе жіберді. Айта кетейік, дәл осы Кусака Париж Олимпиадасында да Жадыраевтың жолын кескен болатын.

Алайда отандасымыздың қола жүлде үшін күресуге мүмкіндігі сақталып отыр. Жарыстың ережесіне сәйкес, финалға өткен спортшыдан жеңілген балуандар жұбаныш белдесуіне қатысады. Жапониялық палуан Кусака ширек финалдан кейін мажар балуаны Роберт Аттила Фрицті жеңіп, финалға жолдама алды. Осылайша, Жадыраев қола үшін таласқа қосылды.

Енді Демеу Жадыраев украиналық балуан Игорь Бычковпен жұбаныш белдесуінде күш сынасады. Бұл кездесу ертең, Астана уақытымен 13:30-да күндізгі сессия аясында өтеді. Егер Жадыраев жеңіске жетсе, ол қола медаль үшін венгриялық Роберт Фричпен күреседі.

Айта кетейік, Қазақстан құрамасынан әзірге медальға ең жақын мүмкіндік сақтап қалған жалғыз балуан – Демеу Жадыраев.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 2
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0
×