ЖБ Шоу! Жаңа шығарылым! Эфирде Ермаш, Олжас және Ганс!

Айдос Сұлтанғали әлем чемпионатында алтынға таласады

19.09.2025, 20:37

29 жастағы Айдос әлем чемпионатында 2 рет қола медаль иеленген

Айдос Сұлтанғали әлем чемпионатында алтынға таласады
Спортты дамыту дирекциясы

Хорватия астанасы Загребте өтіп жатқан грек-рим күресінен ересектер арасындағы әлем чемпионатында алғашқы балуанымыз ақтық сынға жолдама алды.

Айдос Сұлтанғали (-60 кг) жартылай финалда Амиран Чавадзеге (Грузия) еш мүмкіндік қалдырмай, сенімді жеңіске жетті. Есеп: 9-2.

Осылайша, Сұлтанғали ертең түнде (Астана уақытымен 21:00-ден кейін) Әлішер Ганиевпен (Өзбекстан) жеңімпазды анықтайды. 

Айта кетейік, 29 жастағы Айдос осыған дейін 60 кг дейінгі салмақта әлем чемпионатында 2 рет қола медаль иеленіп, сары құрлық бәсекесінде топ жарған. 

Сұлтанғали бүгін күндізгі сессияда іріктеуде Максвелл Хоппер Блэкті (АҚШ), Мелкаму Фетенені (Израиль) ұтты. Ширек финалда Париж Олимпиадасының қола жүлдегері, Азия ойындарының қола жүлдегері Сеун Лиден (Солтүстік Корея) айласын асырды.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0

Материалда:

×