Қарсыласы - Азия чемпионы, 2023 жылғы Азия ойындарының және 2024 жылғы Олимпиаданың қола жүлдегері.
Загребте (Хорватия) өтіп жатқан грек-рим күресінен әлем чемпионатында Қазақстанның мықты балуандарының бірі Айдос Сұлтанғали сенсациялық жеңіске жетті.
60 келі салмақта күрескен Сұлтанғали қатарынан үш қарсыласын тізе бүктірді:
Айта кетейік, оның соңғы қарсыласы – Азия чемпионы, 2023 жылғы Азия ойындарының және 2024 жылғы Олимпиаданың қола жүлдегері. Бәсекеде фаворит саналса да, жеңіс қазақ балуанының еншісінде болды.
Осылайша Айдос Сұлтанғали әлем чемпионатының жартылай финалына жолдама алды.
Қазіргі таңда ол 6600 ұпаймен әлемдік рейтингте 43-орында тұр.