
Ширек финалда ол Қазақстан балуанын жеңіп кетті
Күрес түрлерінен Хорватияда өтіп жатқан әлем чемпионатында Өзбекстан намысын қорғайтын қазақ балуаны Айтжан Қалмаханов 63 келіде жеңімпаз атанды.
Финалда ол Оңтүстік Кореядан келген Чунг Хан-Жэні жеңді. Ал, ширек финалда қазақстандық Ержет Жарылқасыннан басым түскен болатын.
19 жастағы Айтжан бұған дейін жастар арасында әлем чемпионатында және Азия біріншілігінде топ жарған. Жыл басынан бері ірі үш жарыста чемпион атанды.
Айта кету керек, дәл осы чемпионатта 60 келіде Айдос Сұлтанғали жеңімпаз атанған еді. Ол – XXI ғасырда Қазақстан тарихында күрестің осы түрінен чемпион атанған алғашқы балуан.