Тоқаев Айдос Сұлтанғалиды әлем чемпионы атануымен құттықтады

Айдос Сұлтанғали 26 жылдан кейін грек-рим күресінен әлем чемпионы атанды

Спортты дамыту дирекциясы
Спортты дамыту дирекциясы

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев грек-рим күресінен Әлем чемпионатында топ жарған Айдос Сұлтанғалиды жеңісімен құттықтады.

«Айдос Сұлтанғалиды Әлем чемпионатындағы жарқын жеңісімен құттықтаймын! Ол – грек-рим күресінен осы ғасырдағы тұңғыш жеңімпаз. Балуандарымыздың жеңісті жолды жалғастыра беруіне тілектеспін!», – деп жазды Мемлекет басшысы өзінің Instagram парақшасында.

Айта кетейік, Айдос Сұлтанғали грек-рим күресінен осы ғасырда Әлем чемпионы атанған алғашқы қазақстандық спортшы болып отыр. 

Отандасымыз Айдос Сұлтанғали 60 кг дейінгі салмақтың финалында Әлішер ГаниевтІ (Өзбекстан) 1 минуттың ішінде таза жеңді.

Материалда:

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам