Жаңа шығарылым! Англия жеңіледі. Саутгейт ақымақ адам!

Абиба Абужақынова әлемдік Гран-при жарысының қола жүлдесін жеңіп алды

26.01.2024, 22:40

Турнирге әлемнің 90 елінен 624 дзюдошы қатысып жатыр

Абиба Абужақынова әлемдік Гран-при жарысының қола жүлдесін жеңіп алды
olympic.kz

Қазақстандық дзюдошы Абиба Абужақынова Португалияда өтіп жатқан әлемдік Гран-при турнирінің қола жүлдесіне ие болды. 48 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде белдескен ол жұбаныш финалда Сила Ерсінді (Түркия) ұтты.

Абиба Абужақынова барлығы 5 кездесу өткізіп, оның төртеуін жеңіспен аяқтады. Атап айтқанда, іріктеу кезеңінде Эмбер Гершес (Нидерланд) пен Лаура Эспадинханы (Франция) жеңді. Алайда ширек финалда жапониялық Кано Миякиге есе жіберді. Ал жұбаныш белдесуінде бельгиялық Лоис Петиттен басым түсіп, кіші финалға жолдама алды.

Айта кетерлігі, Португалияның Одивелаш қаласында басталған Гран-при додасы дзюдодан 2024 жылғы маусымның алғашқы ресми рейтингтік жарысы. Оған әлемнің 90 елінен 624 дзюдошы қатысып жатыр. Жарыс жеңімпазына әлемдік рейтингте 700 ұпай, ІІ орынға – 490, ал ІІІ орынға 350 ұпайдан қосылады.

Материалда:

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам