«Оны өмірден айырған адамдар әлі тірі»: Әйгілі ресейлік бапкер Алматыда Денис Теннің рухына тағзым етті

Telegram WhatsApp

Тарасова биылғы турнирге өзі келіп қатысты

әлеуметтік желі
әлеуметтік желі

Әлемге әйгілі ресейлік бапкер Татьяна Тарасова Алматыда өткен «Денис Тен мемориалы» халықаралық турниріне арнайы келіп, қазақстандық спортшының рухына тағзым етті.

Денис Теннің спорттағы алғашқы қадамдары ресейлік жаттықтырушы Елена Водорезованың жетекшілігімен басталғаны белгілі. Сол кезеңде ол Татьяна Тарасовадан еркін бағдарламалар мен композицияларды қоюға көмектесуді өтінген. Кейіннен Тен өзінің шығармашылық идеяларын да ұсынып, жаттықтырушыларымен бірлесе жұмыс істеген.

Жасына және денсаулығына қарамастан, Тарасова биылғы турнирге өзі келіп қатысты. Ол Алматыдағы Құрманғазы мен Байсейітова көшелерінің қиылысында орналасқан Денис Тен ескерткішіне барып, суретке түсіп, оны әлеуметтік желідегі парақшасына жариялады. Жаттықтырушы суретті қысқа ғана «Дениске қонаққа келгенде» деп жазған.

Баспасөз мәслихатында сөз сөйлеген Татьяна Анатольевна Денис Теннің даралығын ерекше атап өтті:

Денистің табиғи таланты ерекше еді. Ол бәрібір шыңға шығатын спортшы болатын. Музыканы терең сезіну қабілеті мен мұздағы орындау мәнері өзгеше еді. Егер ғұмыры қысқа болмаса, ол әлі талай жетістікке жетіп, бізді таңғалдыра беретін еді. Ең қиыны – оны өмірден айырған адамдар әлі тірі, ал Денис қасымызда жоқ. Бұл – әділетсіздік

деді Тарасова көзіне жас алып

Пікірлер

Бүгін YouTube-та

«Арыс» Түркістан облысына керек емес. Футболға демеуші тарту проблема. Бірінші лигада ақша жоқ 51 125 Shorts “Арыс” жеңіліп бастағанда жанашыр болып жүргеннің бәрі жоқ болып кетті 95 Shorts Абу-Дабидегі қоңыраудан бірінші лигаға дейін: "Арыс" қалай өзін сақтап қалды? 90 Shorts “Арыс” Түркістан облысынан Шымкент қаласына көшеді 337 Shorts “Арыстың” бюджеті небәрі 100 млн теңге. Оның 22 миллионын взносқа төлейсің 248 Shorts Бір ғана Нанидің келуі – “Арыс” балаларына үлкен мотивация сыйлап кетті 133 Shorts “Арыс” жас футболшыларға мүмкіндік бергең соң көбірек жеңіске жете бастады 117 Shorts Евгений Чебатков «Чай с Бубликом» жобасында қонақта болды 607 Shorts Нұрбек Оралбай “стабильный” боксшы, ол соңына дейін барын салып төбелеседі 389 Shorts Бокстан ел чемпионатында өңірлік бәсеке әділ бәсекелестіктен басым түсті 544 Shorts “Чемпион болу қиын, ал чемпиондық атақты қорғау одан да қиын!” 588 Shorts Қазақстан чемпионатынан Азия ойындарының үш жүлдегері босатылды, қалғандары ауырып қалды 300
#
Команда
Ұпай
1
Реал Мадрид
15
2
Пари Сен-Жермен
13
3
Комо
12
4
Барселона
12
5
Ливерпуль
12
6
Бетис
12
7
Арсенал
11
8
Манчестер Сити
10
9
Спортинг (Лиссабон)
10
10
Боруссия (Дортмунд)
10
11
Астон Вилла
9
12
Интер
9
1/8 финалПлей-офф
Толық кесте · 36 команда ›