Ермаштың Бразилиядағы оқиғасы: 20 минут картинасыз тікелей эфир жүргізіп, Ұлттық арнаны "құтқарды"

«Жалғыз қола»: Қазақстан дзюдошылары Портулагия Гран-приінде қалай күресті?

29.01.2024, 14:52

Ерлер құрамасы құр қол қайтты

«Жалғыз қола»: Қазақстан дзюдошылары Портулагия Гран-приінде қалай күресті?
ijf

Дзюдодан Португалияда басталған Гран-при бәсекесін Қазақстан дзюдошылары жалғыз қоламен аяқтады. 2024 жылдың басындағы алғашқы турнирге аттанған отандық 18 дзюдошының ішінен тек Абиба Әбужақынова жүлдеге қол жеткізді, деп хабарлайды 1bol.kz.

Әйелдер арасында 48 келіде белдескен Абиба бірінші белдесуін Нидерланд спортшысына қарсы өткізді. Жеңісті белдесуінен кейін франциялық Лаура Эспадинханы ұтты. Ал ширек финалда жапон балуаны Кано Миякиге есе жіберді. Ал жұбаныш белдесуінде бельгиялық Луиз Петитті жеңсе, қола жүлде үшін күресте түрік қызы Сила Ерсіннен айласын асырды.

Өкінішке қарай, ерлер құрамасының балуандары бұл сында ширек финалға жете алмады. Олардың арасында 66 келіде Жанарыс Рахметов, 81 келіде Айбол Нысаналы, Мәди Аманкелді, аса ауыр салмақта Ерасыл Қажыбаев қана бірінші белдесуде жеңіске жетіп, келесі айналымға өтті. Қалған балуандардың жарыс жолы келте болды. Ал, әйелдер арасында 48 келіде Ғалия Тынбаева ресейлік Сабина Гилиязованы жеңсе, 57 келіде Бақыт Құсақбаева бірінші кездесуінде румын спортшысынан басым түсті. Өкінішке қарай, екінші айналымда спортшыларымыз есе жіберіп жарысты аяқтады.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам