Бразилиядағы оқиғалар-2: фэйк Рональдиньо, қарапайым Клозе, жұрт ұмытқан МакМанаман

Әлем чемпионы болған 17 жастағы қазақстандық ауыратлет допингпен ұсталды

29.01.2024, 17:13

Барлығы үш атлеттің сынамасынан тыйым салынған препараттар анықталған

Әлем чемпионы болған 17 жастағы қазақстандық ауыратлет допингпен ұсталды
ҚР Ауыр атлетика федерациясы

Қазақстанның үш ауыратлеті допинг қолданғаны үшін ұзақ мерзімге спорттан шеттетілді деп хабарлайды Vesti.kz.

Тыйым салынған препараттарды Никита Абдрахманов, Клим Башаргин және Мира Ахметова қолданған.

Атап айтанда, Абдрахманов пен Башаргиннің сынамасынан «метандиенон» деп аталатын препарат анықталған. Екеуі де үш жылға спорттан шеттетілді. Ахметова болса «остарин» деп аталатын күш беретін дәрі қабылдаған көрінеді. Ол енді 4 жыл бойы ауыр атлетикамен шұғылдана алмайды.

Үш атлет те допинг-тестті былтыр тыпсырған және алдын ала нәтижесі сол уақытта белгілі болған. Соның салдарынан үшеуі де Мексикада өткен жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатына барған жоқ.

Айта кетейік, Никита Абдрахманов 2022 және 2023 жылдары жастар арасында әлем чемпионы болған. Жасөспірімдер арасында Азияның күміс жүлдегері және жастар арасында Азия чемпионы.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам