ЖБ Шоу! Жаңа шығарылым! Эфирде Ермаш, Олжас және Ганс!

Қазақстан дзюдошылары әлем чемпионатын бір медальмен аяқтады

08.10.2025, 18:26

Қыздар арасында 57 келіге дейінгі салмақта Дана Әбдірова күміс медаль иеленді

Қазақстан дзюдошылары әлем чемпионатын бір медальмен аяқтады
ҰОК

Перудің Лима қаласында дзюдодан жастар арасындағы әлем чемпионатының жекелей сайысы өз мәресіне жетті.

Қазақстан құрамасы халықаралық турнирде бір жүлдемен көзге түсті. Қыздар арасында 57 келіге дейінгі салмақта Дана Әбдірова күміс медаль иеленді.

Сондай-ақ 100 келіге дейінгі салмақта Асқар Біржанов та жүлдеге бір қадам жақын болды. Алайда ол қола медаль үшін өткен белдесуде Өзбекстан спортшысы Мұхаммадали Зоировқа есе жіберді.

Енді ұлттық құрамамыз аралас командалық жарыстарға қатысады.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0

Материалда:

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам