Бразилиядағы оқиғалар-2: фэйк Рональдиньо, қарапайым Клозе, жұрт ұмытқан МакМанаман

Қазақстан каратэшілері Парижде өткен Premier league турнирінен жүлделі оралды

30.01.2024, 11:19

Жерлестеріміз отандық рейтингтегі жағдайын да жақсартты

Қазақстан каратэшілері Парижде өткен Premier league турнирінен жүлделі оралды
Фото ашық дереккөзден

Каратэден 26-28 қаңтар күндері аралығында Париж төрінде өткен премьер-лига бәсекесінде жерлестеріміз 3 қола жүлде иеленді, деп  хабарлайды 1bol.kz.

Шығыс жекпе-жегі бойынша өткен сында 50 келіде Мөлдір Жаңбырбай, 55 келіде Гүлмира Үсенова, +84 келіде Абылай Төлтай үздік үштікке ілінді. Аталған турнирде әлемнің 66 елінен 366 спортшы 10 салмақта жүлде жиынтығын сарапқа салған болатын.

Сондай-ақ, турнирден кейін әлемдік рейтинг өзгеріп, спортшыларымыздың орны анықталды.  Оның ішінде:

Әйелдер

2-орын. Софья Берульцева (+68 келі)

3-орын. Мөлдір Жаңбырбай (50 келі)

3-орын. Әсел Қанай (61 келі)

3-орын. Лаура Әліқұл (68 келі)

7-орын. Гүлмира Үсенова (55 келі)

Ерлер

2-орын. Дидар Әмірәлі (67 келі)

3-орын. Қайсар Алпысбай (60 келі)

6-орын. Нұрқанат Әжіқанов (75 келі)

7-орын. Абылай Төлтай (+84 келі)

13-орын. Данияр Юлдашев (84 келі)

Материалда:

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам