Жаңа шығарылым! Өз қақпасына гол соғып, оңбай қателескен футболшылар

Ауыратлет Вячеслав Ершов қайтыс болды

29.01.2024, 23:25

Ол ауыратлет Майя Манезаның күйеуі

Ауыратлет Вячеслав Ершов қайтыс болды
Фото ашық дереккөзден

Ауыр атлетикадан бірнеше дүркін Қазақстан чемпионы, Азия ойындарының жеңімпазы Вячеслав Ершов қайтыс болды. Бұл туралы еліміздің Ауыр атлетика федерациясы мәлімдеді, деп хабарлайды 1bol.kz.

29 қаңтарда ауыратлет Вячеслав Ершов өмірден өтті. Ол 2006 жылы Дохада Азия ойындарының чемпионы болған, әлем чемпионатына қатысушы. Ел біріншілігінің бірнеше дүркін жеңімпазы. ҚР Ауыр атлетика федерациясы Вячеславтың жақындарына қайғыра көңіл айтады», - деп жазылған федерация таратқан ақпаратта.

Айта кететін жайт, Вячеслав Ершов белгілі ауыртатлет Мая Манезаның күйеуі. М.Манеза Лондон олимпиадасында чемпион атанып, кейін допинг дауына ілініп, нәтижесін ХОК жоққа шығарған болатын.

Материалда:

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам