Елдос Ахметов “Атлетикоға” соға алмаған голын “Реалға” соқты. Ерсін ерте қуанды – PS Шоу!

Ресей турнирлерге қатыспай-ақ УЕФА-ның миллиондаған қаржысын жұмсаған

22.10.2025, 22:30

Ресей командалары 2022 жылдан бері жарыстардан шеттетілген

Ресей турнирлерге қатыспай-ақ УЕФА-ның миллиондаған қаржысын жұмсаған
sport.ru

Ресей футбол одағының (РФО) президенті Александр Дюков ұйым халықаралық турнирлерден шеттетілгеніне қарамастан, УЕФА-дан үнемі қаржылай қолдау алып отыратынын айтты.

- Жақында УЕФА Ресей футбол одағына шеттету кезеңінен кейін шамамен 11 миллион еуро аударды деген ақпарат тарады. Бұл қаншалықты рас?

- Біз УЕФА-дан қаражатты тұрақты түрде алып отырамыз. Шынымды айтсам, 11 миллион ба, әлде басқа сома ма - ол жпғы есімде жоқ.

- Бұл қаражат қайда жұмсалады?

- Негізінен футболды дамытуға, инфрақұрылым салуға және түрлі жобаларды жүзеге асыруға бағытталады. Мысалы, «Мектептегі футбол» бағдарламасы мен Жастар футбол лигасы (ЖФЛ) соның қатарында.

Еске сала кетейік, Ресей командалары 2022 жылдан бері ФИФА мен УЕФА аясындағы халықаралық жарыстардан шеттетілген.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0

Материалда:

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам