Елдос Ахметов “Атлетикоға” соға алмаған голын “Реалға” соқты. Ерсін ерте қуанды – PS Шоу!

Өзбек балуанынан жеңілген Мерей Мәулетқанов қола жүлдегер атанды

22.10.2025, 22:40

23 жасқа дейінгі жаһандық додада ел қоржынына алғашқы жүлде түсті

Өзбек балуанынан жеңілген Мерей Мәулетқанов қола жүлдегер атанды
Спортты дамыту дирекциясы

Күрес түрлерінен Сербияның Нови-Сад қаласында өтіп жатқан 23 жасқа дейінгі жаһандық додада ел қоржынына алғашқы жүлде түсті.

Грек-рим күресінен 72 келіде сынға түскен отандасымыз қола жүлде үшін таласта бейтарап спортшы Данил Григоревті мерзімінен бұрын жеңді.

Жарыс барысында Мерей Болгария балуаны Сергей Стоевты 8:0, Түркия спортшысын 9:0 есебімен бет қаратпай жеңсе, жартылай финалдық тартысты белдесуде Өзбекстан өкілі Аброр Атабаевқа 1:3 есебімен жол берген еді.

Айта кетейік, 22 жастағы Мәулетқанов өткен айда ғана ересектер арасындағы дүниежүзілік бәсекеде әлем чемпионы және Париж Олимпидасының жүлдегерін ұтып, сенсация жасаған еді. Нәтижесінде ол 5-орынға тұрақтаған болатын.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам