Елдос Ахметов “Атлетикоға” соға алмаған голын “Реалға” соқты. Ерсін ерте қуанды – PS Шоу!

Ризабек Айтмұқан жастар арасындағы әлем чемпионатынан қола медаль алды

Бүгін, 09:25

Биыл ол өз жетістігін тағы бір медальмен толықтырды

Ризабек Айтмұқан жастар арасындағы әлем чемпионатынан қола медаль алды
Фото: @unitedworldwrestling

Сербияның Нови-Сад қаласында өтіп жатқан 23 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы әлем чемпионатында қазақстандық балуан Ризабек Айтмұхан қола медаль иеленді.

97 келі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен Айтмұхан қола медаль үшін өткен шешуші белдесуде ирандық спортшы Аболфазил Бабалоны 7:1 есебімен сенімді түрде жеңді. Осылайша, ол еркін күрестен Қазақстан құрамасының қоржынына әлем чемпионатының жалғыз жүлдесін салды.

Айта кетейік, Ризабек Айтмұхан өткен жылы да осы жас санатында (U23) әлем чемпионы атанған болатын. Биыл ол өз жетістігін тағы бір медальмен толықтырды.

Чемпионаттағы барлық нәтижелері:

Іріктеу кезеңі: Ибрахим Бенеколи (Түркия) – 11:1

1/8 финал: Аймар Егиноа (Испания) – 10:0

1/4 финал: Гарроуз Куекабакила (АҚШ) – 11:0

Жартылай финал: Араш Ёшида (Жапония) – 0:10

Қола үшін белдесу: Аболфазил Бабало (Иран) – 7:1

Осылайша, 21 жастағы Ризабек Айтмұхан тағы бір мәрте қазақстандық еркін күрестің үздігі екенін дәлелдеді. Ол өткен жылы ересектер арасында әлем чемпионы атанып, биыл жастар біріншілігінде де үздіктер қатарынан көрінді. Өкініштісі, жартылай финалда жапон балуанынан ойсырай ұтылды.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам