Қыздар мен ерлер боксы теңеседі. Еркекшора бокшылар. Ұлттық құрамадағы интирига

Қазақстан дзюдодан Парижде өтетін Grand Slam турниріне кімдерді апарады?

31.01.2024, 23:13

Бұл – Олимпиада алдындағы ең ірі жарыстардың бірі

Қазақстан дзюдодан Парижде өтетін Grand Slam турниріне кімдерді апарады?
olympic.kz

Ақпанның 2-4 аралығында дзюдодан Парижде өтетін Гранд-слэм турниріне Қазақстаннан кімдердің баратыны белгілі болды деп хабарлайды еліміздің Дзюдо федерациясы.

Айта кету керек, аталған турнир Олимпиада алдындағы ең үлкен жарыс. Оған әлемнің ең мықты дзюдошылары қатысып, рейтингтік ұпай алуға барын салады.

Ал, Қазақстан болса Гранд-слэмге 14 дзюдошысын апарады. Олар:

  • Елдос Сметов (-60 кг)
  • Нұрқанат Серікбаев (-60)
  • Ғұсман Қырғызбаев (-66)
  • Асқар Нарқұлов (-73)
  • Данияр Шамшаев (-73)
  • Абылайхан Жұбаназар (-81)
  • Айдар Арапов (-90)
  • Ермахан Әнуарбеков (-90)
  • Нұрлыхан Шархан (-100)
  • Бекзат Шағатаев (-100)
  • Ғалымжан Қырықбай (+100)
  • Ерасыл Қажыбаев (+100)

Жарысқа әлемнің 110 елінен 661 дзюдошы қатысады. Турнир жеңімпазы – 1000 ұпай, күміс жүлдегері – 700 ұпай және қола жүлдегері рейтингтік 500 ұпайға ие болады.

Материалда:

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам