Жаңа шығарылым! Өз қақпасына гол соғып, оңбай қателескен футболшылар

Даңқты дзюдошы Тедди Ринер Алматыдағы жаттығуын аяқтады (ВИДЕО)

01.02.2024, 00:01

Ол бесінші Олимпиадасына дайындалып жатыр

Даңқты дзюдошы Тедди Ринер Алматыдағы жаттығуын аяқтады (ВИДЕО)
Icon Sport

Дзюдодан үш дүркін Олимпиада чемпионы Тедди Ринер Алматыдағы жаттығуы аяқталғанын мәлімдеді, деп хабарлайды 1bol.kz.

Қаңтар айының 18-30 күндері аралығында Алматыдағы дзюдо академиясында жаттыққан әйгілі балуан 2-4 ақпан күндері аралығында Парижде өтетін Град Слэм бәсекесінде белдесуді көздеп отыр.

Француз спортшысы 2023 жылдың басында да Алматыда оқу-жаттығу жиындарын өткізген еді. Сол жолы ол аса ауыр салмақтағы қазақстандық бірнеше дзюдошымен спарринг жаттығулар жасады.

Сондай-ақ, Тедди Ринер өзінің бесінші Олимпиадасына дайындалып жатқанын атады. Француз спортшысы бұл сынның өзі үшін аса маңызды екеніне тоқталды.

Айта кетейік, бұған дейін француз дзюдошысы UFC ұсынған 15 млн еуродан бас тартқан еді. Ол дзюдодан басқа спортқа бармайтынын мәлімдеді.

Материалда:

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам