Ол Мысыр ұлттық құрамасына бас бапкерлік қызметке тағайындалды
                Грек-рим күресінен Қырғызстан құрамасының экс-бас бапкері Азат Эркинбаев Мысыр еліндегі жаңа қызметін табысты бастады. Көрші ел құрамасын Токио және Париж Олимпиадасына бастап апарған бапкер өткен жылдың соңында қызметінен босатылған.
Ол екі жарым ай уақыт бұрын Мысыр ұлттық құрамасына бас бапкерлік қызметке тағайындалып, 3 жылға келісімшартқа отырды. Бұл ретте бапкер ретінде оған жылына 100 мың АҚШ доллары көлемінде еңбекақы төленбек.
Биыл Сербияның Нови-Сад қаласында U23 әлем чемпионатында Эркинбаев баптаған Мысыр құрамасы алтын және қола медальға қол жеткізді. Бұл қырғыз бапкерінің шетелдегі жұмысының алғашқы жемісі болып отыр.
 
2028 жылы АҚШ-та өтетін Лос-Анджелес Олимпиадасына дейін шетелдік құраманы баптайтын маманның Қырғызстандағы жауапты қызметінен кетуіне елдің белгілі балуандары наразылық білдірген болатын. Олардың арасында Ақжол Махмұдов пен Жоламан Шәршенбеков әлеуметтік желіде жазба жариялаған еді.
Азат Эркинбековтің бас бапкерлік қызметінде қырғыз құрамасы екі олимпиада және әлем чемпионатарында өте табысты өнер көрсетті. Мәселен, Токио Олимпиадасында Ақжол Махмұдов күміс жүлдегер атанса, Парижде Шәршенбеков пен Махмұдов және Үзір Жүсіпбеков қола жүлдеге қол жеткізді. Сондай-ақ, Шәршенбеков пен Махмұдов 2022-2023 жылдары әлем чемпионаттарында екі дүркін жеңімпаз атанды.