Соңғы уақыттары Кадуның Instagram желісіндегі соңғы жазбасы дәл осы жануарға арналған
                Бодибилдинг әлемінің белгілі бразилиялық өкілі, спортшы Каду Сантос 31 жасында көз жұмды. Оның ажалына инсульт алуы себеп болған деген болжам айтылды.
Дәрігерлердің айтуынша, инсульттің туындауына оның төрт жыл бойы қасында болған сүйікті мысығы - Бакидің күтпеген өліміне байланысты қатты эмоционалдық күйзеліс әсер еткен көрінеді.
Соңғы уақыттары Кадуның Instagram желісіндегі соңғы жазбасы дәл осы жануарға арналған. Оның жан тебірентерлік естеліктер мен сағынышқа толы жолдар жазылған.
Шілде айында, қайғылы оқиғадан небәрі үш ай бұрын, Каду Сантос өзінің сүйіктісі, фитнес-тренер Сабина Воллманнға көпшіліктің көзінше, бодибилдинг жарысының сахнасында тұрмысқа шығу туралы ұсыныс жасаған еді. Бұл сәт жанкүйерлер мен әріптестерінің көз алдында орын алып, желіде кең тараған еді.
Каду Сантос дүниеден өткен соң, Сабина Воллманн әлеуметтік желідегі парақшасында жүрек тебірентерлік қоштасу жазбасын жариялап, оны шынайы сүйіспеншілікпен еске алған.