ЖБ Шоу! Жаңа шығарылым!

Сметовтің қарсыласы болған Олимпиада чемпионы әке атанды

03.11.2025, 14:32

Фабио Базиле 2016 жылы Рио Олимпиадасында 66 келіде алтын медаль иеленген

Сметовтің қарсыласы болған Олимпиада чемпионы әке атанды
әлеуметтік желі

Дзюдодан Рио Олимпиадасының чемпионы, Италия спортшысы Фабио Базиле әке атанды. Даңқты дзюдошы бұл туралы желіде жазба жариялап, ұлды болғанын мәлімдеді.

Фабио Базиле 2016 жылы Рио Олимпиадасында 66 келіде алтын медаль иеленген. Кейін 73 келіге ауысып, бірқатар ірі жарыстарда жарқырады. Ол Токио Олимпиадасына қатысқанымен жүлде бұйырмады. Сонымен бірге, Париж Олимпиадасына дейінгі циклда бабы келіспеген балуан рейтингте үздіктер қатарына қосыла алмады.

Айта кететін жайт, Италия балуаны 2016 жылы Алматы Гран Приінде топ жарған. Ол 2010 жылы Марокконың Агадир қаласында өткен жастар арасындағы әлем біріншілігінде Елдос Сметовпен бірге 55 келіде күресіп, қола жүлдегер атанған. Ал сол сында қазақстандық спортшы топ жарған болатын.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0

Материалда:

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам