ЖБ Шоу! Жаңа шығарылым!

Қырғыз күресінде дау: Ақжол Махмудовтың әкесі бапкердің кәсібилігіне күмән келтірді

05.11.2025, 11:05

Бұған дейін ат бағумен айналысқан адам грек-рим құрамасына бапкерлікке келген

Қырғыз күресінде дау: Ақжол Махмудовтың әкесі бапкердің кәсібилігіне күмән келтірді
Kadir Caliskan - United World Wrestling/United World Wrestling via Getty Images

Грек-рим күресінен Олимпиада ойындарының екі дүркін жүлдегері, қырғызстандық Ақжол Махмудовтың әкесі Мұхамед Махмудов елдің ұлттық құрамасына тағайындалған бас бапкердің біліктілігіне күмән келтірді.

Танымал спортшының әкесі грек-рим құрамасына жақында ғана бас бапкер болып тағайындалған Ұлықбек Қарашолақовтың деңгейін төмен деп санап, желіде жазба жариялады.

Мұхамед Махмудов бұған дейін ат бағумен айналысқан адамның ендігі жерде әлемдік деңгейдегі жұлдызды құраманы жаттықтыруына наразылық білдірді. Қыркүйек айында Хорватия астанасында күрес түрлерінен өткен әлем чемпионатында Париж Олимпиадасынан кейін тағайындалған Ұран Қалилов қызметінен кеткен еді. Оның орнын алмастырған Ұлықбек Қарашолақов ендігі жерде көпшіліктің наразылығын тудырып отырған сыңайлы.

«Ол ешқашан спорт залында бапкер болып жұмыс істеген маман емес. Құрамадан кеткен соң да еш жерде бапкер ретінде еңбек еткен жоқ. Менің білуімше, ол жылқы бағумен айналысқан. Жылқы ұстауға және шабандоздыққа бейімі бар адам. Ал жылқы бағып жүрген адам қалайша ұлттық құраманың бас бапкері бола алады?», – деп жазды Мұхамед Махмудов.

Мұхамед Махмудов Сербияның Нови-Сад қаласында өткен жастар арасындағы әлем чемпионатында Қырғызстан құрамасы бірде-бір медаль жеңіп алмағанына да тоқталды. Оның сөзінше, бұл нәтиже ұлттық құраманың қазіргі ахуалын және басшылықтағы шешімдердің сәтсіздігін көрсетіп отыр.

«Бұл - командаға шынымен тәжірибелі, нәтижелі жаттықтырушы қажет екенін дәлелдейтін тағы бір айқын мысал», – деді ол.

2017-2024 жылдар аралығында Қырғызстан құрамасын екі Олимпиадаға апарған бапкер Азат Эркинбаев биылдан бастап Мысыр елімен келісімшарт жасап, елдің балуандарын 2028 жылға дейін баптамақ.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам