Отандасымыз 12,6 млн доллар табыспен тоғызыншы сатыға жайғасқан
Әлем бойынша 2025 жылы ең көп табыс тапқан 15 әйел спортшының есімі белгілі болды. Олардың қатарында қазақстандық Елена Рыбакина да бар.
Отандық корт шебері әлем бойынша үздік 15 әйел спортшының арасында 12,6 млн доллар табыспен тоғызыншы сатыға жайғасқан. Ол жақында ғана Сауд Арабиясында өткен WTA турнирінің финалында 5,23 млн доллар иеленіп, әйелдер спортындағы ең үлкен жүлде рекордын жаңартқаны белгілі.
Сондай-ақ, америкалық Винус Уильямс 45 жасында да табысты спортшылар қатарына еніп отыр. Бұдан бөлек, баскетболшы Кейтлин Кларк WNBA тарихындағы ең ірі жарнамалық келісімдерге ие жас жұлдыз атанды.
Биыл әлем бойынша спортта қаржы табу бойынша әйелдер спортында айтарлықтай нәтиже тіркелген. Оның ішінде әйел спортшылардың дені 10 миллион доллардан жоғары табыс тапқаны белгілі болды. Салыстырмалы түрде бұл көрсеткіш былтыр 6,7 млн доллар межесін көрсеткен еді.
2025 жылы әйел спортшыларының коммерциялық ықпалы бұрын-соңды болмаған деңгейге жеткен. Мәселен, әлемнің үздік 15 әйел спортшысы биыл 249 млн доллар тауып отыр. Тізімнің негізгі бөлігін теннис спортының өкілдері құраса, сонымен бірге, гольф, баскетбол, гимнастика және шаңғы спортының танымал атлеттерінің есімі аталды.
Әйелдер спорты қаржылық тұрғыдан жаңа деңгейге көтеріліп келе жатқанымен, табыстың басым бөлігі жарнамалық келісімдер мен демеушіліктен түсіп отыр.
2025 жылдың ТОП-15 әйел спортшылары:
1. Коко Гофф $31 млн
2. Арина Сабаленка $30 млн
3. Ига Швёнтек $23.1 млн
4. Айлин Гу (шаңғы) $23 млн
5. Джэн Циньвэнь $20.6 млн
6. Кейтлин Кларк (WNBA) $16.1 млн
7. Нелли Корда (гольф) $13.8 млн
8. Мэдисон Киз $13.4 млн
9. Елена Рыбакина $12.6 млн
10. Наоми Осака $12.5 млн
11. Симона Байлз (гимнастика) $11 млн
12. Аманда Анисимова $10.8 млн
13. Джессика Пегула $10.5 млн
14. Винус Уильямс $10.2 млн
15. Джино Тхитикул (гольф) $10.1 млн