Нұрсұлтан Құрман, Ермұхамед Мәулен және Олжас Байбосын! Жаңа ЖБ Шоу!

Украиналық теннисші Жаңа жылды қазақстандықтармен қарсы аламын деп сынға қалды

02.01.2026, 21:37

Олар бірге суретке де түскен.

Украиналық теннисші Жаңа жылды қазақстандықтармен қарсы аламын деп сынға қалды
nadiakichenok/Instagram

Украиналық теннисші Надежда Киченок Жаңа жылды бұрынғы ресейлік спортшылар, соның ішінде Қазақстан атынан өнер көрсететін Юлия Путинцева және Анна Данилинамен бірге қарсы алғаны үшін жергілікті БАҚ тарапынан сынға ұшырады.

Аталған жағдайға байланысты Ukrainian Tennis Community телеграм-арнасы пікір білдіріп, спортшының ұстанымына күмән келтірген.

«Надежда ашық сөйлеп, ойын бүкпесіз жеткізген кезде көпшіліктің оған деген құрметі артты. Алайда уақыт өте келе оның ұстанымы әлсірегендей әсер қалдырады. Біз Надежда ресейліктерді қолдайды деп отырған жоқпыз. Бірақ оның әрекеттері «екі орындықта қатар отыруға» ұмтылыс секілді көрінеді. Әйтпесе украиналық теннисшінің ресейлік спортшылармен бірге суретке түсіп, олармен Жаңа жылды атап өтіп, сөйте тұра «мен Украинаны қолдаймын» деген риториканы ұстануын қалай түсіндіруге болады?» - деп жазды арна авторлары.

Айта кетейік, Анна Данилина 2011 жылдан бері, ал Юлия Путинцева 2012 жылдан бастап Қазақстан намысын қорғап келеді.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам