Нұрсұлтан Құрман, Ермұхамед Мәулен және Олжас Байбосын! Жаңа ЖБ Шоу!

Камбэк жасаған Елена Рыбакина басты мақсатын айтты

06.01.2026, 17:27

Ол «Үлкен дулыға» турнирлерінің бірінде үздік шыққысы келеді. 

Камбэк жасаған Елена Рыбакина басты мақсатын айтты
ҚР ҰОК

Қазақстанның бірінші ракеткасы, әлемдік рейтингте бесінші орында тұрған Елена Рыбакина 2026 жылғы маусымды батыл мәлімдемемен бастады.

6 қаңтар күні Рыбакина Брисбенде өтіп жатқан WTA-500 санатындағы турнирдің екінші айналымына сенімді түрде жолдама алды. Ол алғашқы матчында әлемнің 79-ракеткасы қытайлық Чжан Шуайды 6:3, 7:5 есебімен жеңді. Айта кетерлігі, екінші сетте қазақстандық теннисші 1:4 және 4:5 есебімен ұтылып жатып, матч тағдырын өз пайдасына шешіп кетті.

Кездесуден кейін сұхбат берген Рыбакина биылғы маусымға биік мақсат қойып отырғанын жасырмады.

«Былтыр жеткен жетістіктерімді биыл да қайталағым келеді. «Үлкен дулыға» турнирлерінің қай-қайсысында да мүмкіндігінше алысқа баруды көздеймін, тіпті солардың бірінде топ жаруға тырысамын. Уақыт көрсете жатар. Алға қойған мақсаттарым биік», – деді ол.

Еске сала кетейік, 2025 жылы Елена Рыбакина Сауд Арабиясында өткен WTA Қорытынды турнирінде жеңімпаз атанып, мансабындағы айтулы жетістіктердің біріне қол жеткізді.

Ал Брисбен турнирінің үшінші айналымында қазақстандық теннисші Мари Боузкова (Чехия) мен Паула Бадоса (Испания) жұбының жеңімпазымен кездеседі.

Айта кетейік, Брисбендегі жарыс 4-11 қаңтар аралығында өтіп жатыр. Турнирдің жалпы жүлде қоры 1,2 миллион АҚШ долларын (шамамен 613,4 миллион теңге) құрайды.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам