Нұрсұлтан Құрман, Ермұхамед Мәулен және Олжас Байбосын! Жаңа ЖБ Шоу!

Елена Рыбакина әлемнің бұрынғы екінші ракеткасын тас-талқан етті

08.01.2026, 12:11

Теннисші Брисбенде ширек финалға шықты

Елена Рыбакина әлемнің бұрынғы екінші ракеткасын тас-талқан етті
Robert Prange/Getty Images

Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина Брисбенде өтіп жатқан WTA 500 Brisbane International турнирінде сенімді жеңіске жетті.

Жарыстың 1/8 финалында әлемнің бесінші ракеткасы испаниялық, бұрынғы екінші ракетка Паула Бадосамен кездесті. Матч Рыбакинаның толық басымдығымен өтіп, қазақстандық спортшы екі сетте – 6:3, 6:2 есебімен жеңіске жетті. Кездесу 1 сағат 26 минутқа созылды.

Осылайша, Елена Рыбакина ширек финалға жолдама алып, келесі кезеңде чехиялық Каролина Мухова (WTA №20) мен ресейлік Екатерина Александрова (WTA №10) арасындағы матчтың жеңімпазымен ойнайды.

Айта кетейік, биыл Брисбен турнирінің жүлде қоры 1 691 602 АҚШ долларын құрайды. Чемпион атанған теннисші 214 530 доллар мен 500 рейтингтік ұпайға ие болады. Елена Рыбакина бұл турнирдің бас жүлдесін 2024 жылы да жеңіп алған.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 2
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам