Қазақстандық теннисші сенсациялық жеңіске қол жеткізді

Ол негізгі кезеңге жолдама алды.

ҚР ҰОК
ҚР ҰОК

Қазақстандық теннисші Юлия Путинцева Аделаидада (Аустралия) өтіп жатқан турнирде күтпеген нәтижеге қол жеткізді.

WTA рейтингінде 74-орында тұрған Путинцева іріктеу кезеңінің финалында чехиялық Мария Боузковамен (46) кездесіп, фаворит саналған қарсыласын екі сетте тізе бүктірді - 6:4, 7:6. Тартысты матч 2 сағат 20 минутқа созылды.

Осылайша, Юлия Путинцева турнирдің негізгі кезеңіне жолдама алып, алғашқы айналымда Венгрия өкілі Далма Галфимен (94) кездеседі.

Айта кетейік, Аделаидадағы турнирдің жалпы жүлде қоры - 1 206 446 АҚШ доллары. Жарыс жеңімпазы 185 500 доллар сыйақы алып, сондай-ақ 500 рейтингтік ұпайға ие болады.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам