Нұрсұлтан Құрман, Ермұхамед Мәулен және Олжас Байбосын! Жаңа ЖБ Шоу!

Танымал теннисші мансабын аяқтады

12.01.2026, 15:25

Милош Раонич ATP деңгейінде сегіз турнирде жеңіске жеткен

Танымал теннисші мансабын аяқтады
© Getty Images / Minas Panagiotakis

Канадалық теннисші, Уимблдон-2016 турнирінің финалисі Милош Раонич 35 жасында спортпен қош айтысты. Ол бұл туралы X әлеуметтік желісісіндегі парақшасында кәсіби мансабын аяқтағанын хабарлады.

Раонич әлемдік рейтингте 2016 жылы үшінші орынға тұрақтаған. Ол ATP деңгейінде сегіз турнирде жеңіске жетіп, 20 миллион доллардан астам қаржылай сыйақыға ие болған.

Милош Раонич Югославияда дүниеге келіп, үш жасында отбасымен бірге Канадаға қоныс аударған. Теннисші 2008 жылы кәсіби теннисші ретінде танылып, үш жылдан кейін ATP турниріндегі алғашқы жетістігіне қол жеткізді.

Канадалық спортшы «Мастерс» сериясындағы турнирлердің төрт финалына дейін жеткенімен, бір рет Рафаэль Надальға, үшеуінде Новак Джоковичке жол берді.

Сонымен қатар, «Үлкен дулыға» турнирлерінде де жоғары нәтижелер көрсетті. Мәселен, 2014 жылы Уимблдонның жартылай финалына, 2016 жылы Australian Open турнирінің жартылай финалына дейін жетті.

Раонич ATP деңгейінде соңғы рет Париж Олимпиадасына қатысқанымен, алғашқы айналымда жарыс жолынан шығып қалды.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0

Материалда:

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам