Жаңа ЖБ Шоу! Қайрат - Брюгге!

Australian Open: Қазақстанның үздік теннисшілері алғашқы айналымнан өте алмады

20.01.2026, 09:10

Бұл матч 59 минутқа ғана созылды. 

Australian Open: Қазақстанның үздік теннисшілері алғашқы айналымнан өте алмады
LAURIE DIEFFEMBACQ/BELGA MAG/AFP via Getty Images

Қазақстандық теннисшілер Александр Бублик пен Александр Шевченко Australian Open-2026 турнирінің жұптық сынында алғашқы айналымнан аса алмады.

1/32 финал кезеңінде қазақстандық дуэт бразилиялық Марсело Демолинер мен нидерландтық Жан-Жюльен Ройермен кездесіп, 6:3, 6:2 есебімен жеңіліс тапты. Кездесу 59 минутқа созылды.

Матч барысында Бублик пен Шевченко екі эйс жасап, екі рет қос қателікке жол берді және екі брейк-пойнттың бірде-бірін пайдалана алмады. Ал қарсыластар төрт мәрте эйс жасап, дәл сондай қос қателік жібергенімен, төрт брейк-пойнттың үшеуін сәтті іске асырды.

Айта кетейік, Александр Бублик пен Александр Шевченко – жекелей сында Қазақстанның бірінші және екінші ракеткалары. Қазіргі таңда Бублик ATP рейтингінде 10-орында, ал Шевченко 97-сатыда тұр. Дегенмен олар жұптық сында әлемдік рейтингке енбеген.

Бұған дейін Australian Open-2026 турнирінің жұптық бәсекесінен тағы бір қазақстандық жұп – Андрей Голубев пен Александр Недовесов та шығып қалған еді. Олар аргентиналық Томас Мартин Этчеверри мен Камило Уго Карабельеге  жол берді – 3:6, 4:6.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам