Жаңа ЖБ Шоу! Қайрат - Брюгге!

Елена Рыбакина Қазақстан мен Өзбекстанды салыстырды

27.01.2026, 10:40

Теннисші Қазақстан теннис федерациясына алғыс айтты

Елена Рыбакина Қазақстан мен Өзбекстанды салыстырды
championat.com

Қазақстандық теннисші, әлемнің бесінші ракеткасы Елена Рыбакина Australian Open турнирінің ширек финалына шыққаннан кейін пікір білдіріп, Қазақстан теннис федерациясына алғысын жеткізді.

«Мен Қазақстан теннис федерациясына қолдау көрсеткені үшін алғыс білдіремін. Қазақстан атынан өнер көрсете бастағалы көптеген нәтижелерге қол жеткіздім. Жалпы алғанда Қазақстанда теннистің дамып келе жатқаны анық байқалады», - деді ол.

Сондай-ақ, азаматтық ауыстырып, өзге елдің атынан өнер көрсететін спортшылар туралы да атап өтті.

«Өзбекстанда не болып жатқанынан хабарым жоқ. Бірақ сол елдің атынан бірнеше теннисші Australian Open турнирінде өнер көрсетті. Егер оларда мүмкіндік болса және үздік нәтижеге қол жеткізуге жағдай жасалса оны неге пайдаланбасқа?», - деді теннисші.

Australian Open турнирінің 1/8 финалында Рыбакина бельгиялық Элис Мертенстен 2:0 (6:1, 6:3) есебімен жеңіп, ширек финалға жолдама алды. Енді ол жартылай финал жолдамасын Польша теннисшісі Ига Свентекпен сарапқа салады.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 2
Ұнамайды 4
Күлкілі 0
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам