Жаңа ЖБ Шоу! Қайрат - Брюгге!

Елена Рыбакина Ига Швентекті жеңіп, жартылай финалға шықты

28.01.2026, 09:22

Матч 1 сағат 35 минутқа созылып, 7:5, 6:1 есебімен аяқталды

Елена Рыбакина Ига Швентекті жеңіп, жартылай финалға шықты
Фото: J48tennis©

Қазақстанның бірінші, әлемнің 5-ракеткасы Елена Рыбакина Australian Open турнирінің жартылай финалына жолдама алды.

Ширек финалда қазақстандық теннисші Польшаның өкілі, әлемнің 2-ракеткасы Ига Швентекпен кездесті. Бұған дейін өзара 11 матчтың алтауында Швентек жеңіске жеткен еді. Алайда бұл жолы Рыбакина айқын басымдық танытты.

Матч 1 сағат 35 минутқа созылып, 7:5, 6:1 есебімен аяқталды. Бірінші сетте есеп 6:5 болған сәтте Елена шешуші брейк жасап, партияны өз пайдасына жапты. Екінші сетте бірден 2:0 алға шығып, ойынды эйспен түйіндеді.

Кездесу барысында Рыбакина 11 эйс жасап, 7 брейк-пойнттың төртеуін сәтті пайдаланды. Швентек 3 эйспен және бір ғана брейкпен шектелді.

Осылайша, Елена Рыбакина спорттық жолында екінші рет Australian Open турнирінің жартылай финалына шықты және бұл турнирде бірде-бір сет ұттырған жоқ. Сонымен қатар, бұл жеңіс оның әлемнің топ-10 теннисшілеріне қарсы қатарынан сегізінші табысы болды.

Финалға шығу жолында қазақстандық теннисші америкалық Джессика Пегуламен кездеседі. Пегула өз кезегінде тағы бір АҚШ өкілі **Аманда Анисимова**ны 6:2, 7:6 (7:1) есебімен жеңді. Жартылай финалдық матч 29 қаңтарға жоспарланған.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам