Анна Данилина жұптық сында жартылай финалда өнер көрсетеді
Қазақстанның жұптық сындағы ең үздік теннисшісі Анна Данилина Australian Open турнирінің жартылай финалына жолдама алды.
Қазақтандық теннисші сербиялық Александра Круничпен бірге турнирдің басты фавориттері саналатын алғашқы нөмірлі жұп – чехиялық Катерина Синякова мен америкалық Тейлор Таунсендті сенсациялық түрде жеңді. Үш сетке созылған матч 6:2, 3:6, 6:0 есебімен аяқталып, 1 сағат 40 минутқа созылды.
Осылайша, Данилина мен Крунич жартылай финалға шықты. Бұл кезеңде олар Шувэй Се (Тайвань) / Елена Остапенко (Латвия) және Габриэла Дабровски (Канада) / Луиза Стефани (Бразилия) жұптарының арасындағы матч жеңімпаздарымен кездеседі.
Айта кетейік, бұған дейін Қазақстан намысын әйелдер арасындағы жекелей сында қорғап жүрген Елена Рыбакина Польшаның үздік теннисшісі Ига Швёнтекті 7:5, 6:1 есебімен ұтып, Australian Open-2026 турнирінің финалына шығу мүмкіндігіне ие болды.