Алаңда жан тапсырған футболшылар. Жаңа шығарылым!

Елена Рыбакина Абу-Дабидегі турнирді жеңіспен бастады

08.02.2024, 21:00

Ол Australia Open турнирінде жеңілгеннен кейін алғаш рет кортқа шықты

Елена Рыбакина Абу-Дабидегі турнирді жеңіспен бастады
Australian Open

Абу-Даби қаласында басталған теннистен WTA 500 - Mubadala Abu Dhabi Open турнирін қазақстандық теннисші Елена Рыбакина (WTA рейтингінде 5-орын) жеңіспен бастады.

Жарысты екінші айналымнан бастаған Рыбакина америкалық Даниэль Коллинзбен (71-орын) кортқа шыққан. Бірінші сетте Елена 4:6 есебімен жеңілгенімен, қалған екі сетте 6:3, 6:3 есебімен қарсыласынан басым түсті.

Матч 2 сағат 20 минутқа созылды. Қазақстандық теннисші 3 эйс жасап, мүлдем дабл-фол жасамады.

Екі теннсиші өзара төрт рет кездескен. Оның үшеуінде Рыбакина жеңсе, біреуінде Коллинздың мерейі үстем болған.

Ширек финалда жерлесіміз Кристина Буча (Испания) – Хизер Уотсон (Ұлыбритания) жұбының жеңімпазымен ойнайды.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам