Алаңда жан тапсырған футболшылар. Жаңа шығарылым!

Елена Рыбакина Абу-Даби турнирінің жартылай финалына шықты

09.02.2024, 17:49

Келесі кезеңде Рыбакина ресейлік теннисшімен кортқа шығады

Елена Рыбакина Абу-Даби турнирінің жартылай финалына шықты
WTA

Әлемнің бесінші ракеткасы – қазақстандық Елена Рыбакина Abu Dhabi Open турнирінің ширек финалында жеңіске жетті деп хабарлайды 1bol.kz тілшісі.

Жартылай финалға жолдаманы Рыбакина испан теннисшісі Кристина Бучамен сарапқа салып, оңай жеңіске жетті, есеп – 6:1, 6:4. Матч 1 сағат 4 минутқа жалғасты.

Жартылай финалда Елена Рыбакина ресейлік теннисші Людмила Самсоновамен (WTA рейтингінде 15-орын) кортқа шығады. Соңғысы бүгін чех Борбора Крейчикованы жеңді.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам