Ол қарсыласын екі сетте ұтты.
Қазақстан құрамасының көшбасшысы Александр Бублик Дэвис кубогындағы Қазақстан – Монако арасындағы кездесудің шымылдығын ашты.
Отандасымыз Монако өкілі Хьюго Нисамен кездесіп, екі партия қорытындысы бойынша айқын басымдықпен жеңіске жетті – 6:0, 6:3. Матч бар-жоғы 1 сағат 2 минутқа созылды.
Осылайша, Александр Бублик Қазақстан құрамасына алғашқы ұпайды сыйлап, есепте алға шығарды.
Қазір кортта Александр Шевченко мен Валентин Вашеро өзара кім мықтыны анықтап жатыр
Айта кетейік, бұл ойындап Дэвис кубогының бірінші әлемдік тобы аясында өтіп жатыр. Қазақстандық теннисшілер Монако құрамасымен әлемдік теннис элитасындағы орнын сақтап қалу үшін таласуда.