Жаңа ЖБ Шоу! Қайрат - Брюгге!

Дэвис кубогы: Қазақстан тартысты кездесуде есе жіберді

07.02.2026, 17:36

Тағы екі матч бар.

Дэвис кубогы: Қазақстан тартысты кездесуде есе жіберді
Қазақстан теннис федерациясы

7 ақпанда Астанада Дэвис кубогының плей-офф кезеңі аясындағы Қазақстан мен Монако құрамалары арасында матч жалғасын тапты.

Еске сала кетейік, алғашқы жарыс күнінде жекелей сында Қазақстан құрамасының көшбасшысы Александр Бублик Хьюго Нисті 6:0, 6:3 есебімен сенімді түрде жеңіп, ұлттық командаға алғашқы ұпайды сыйлады.

Алайда екінші жекелей ойында Александр Шевченко Монако құрамасының жетекшісі Валентин Вашеродан 0:6, 3:6 есебімен жеңіліп қалды. Осылайша, алғашқы күн тең есеппен аяқталды.

7 ақпандағы ойын бағдарламасы жұптық кездесуден басталды. Александр Бублик пен Бейбіт Жұқаевтан құралған қазақстандық дуэт Ромен Арнеодо мен Хьюго Ниске жол берді. Матч үш сетке созылып, аса тартысты өтті. Алғашқы сетте қазақстандықтар тай-брейкте 7:6 (1) есебімен басым түссе, екінші сетте монаколықтар 7:6 (6) нәтижесімен жауап қайтарды. Ал шешуші үшінші сет қонақтар пайдасына 7:5 есебімен аяқталды. Кездесу 2 сағат 49 минутқа созылды.

Айта кетейік, бүгін жекелей сында тағы екі кездесу өтеді: Александр Бублик - Валентин Вашеро және Александр Шевченко - Хьюго Нис.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам