Жаңа ЖБ Шоу! Қайрат - Брюгге!

«Ресей теннис мектебінің өнімі»: Тарпищев Бублик туралы пікір білдірді

05.02.2026, 22:39

Бубликтің әлеуеті жайлы да пікір білдірді.

«Ресей теннис мектебінің өнімі»: Тарпищев Бублик туралы пікір білдірді
Қазақстан теннис федерациясы

Ресей теннис федерациясының президенті Шамиль Тарпищев қазақстандық теннисші Александр Бублик жайлы ойын ортаға салды.

Федерация басшысының айтуынша, Бублик - әлеуетін уақыт өте көрсеткен ойыншылардың бірі. 

«Бублик бастапқыда салғырттау болды. Ол өзін ракеткасын ауыстырғаннан кейін тапты деуге болады. Демек, бұрын дұрыс құралмен ойнамаған. Ракетканың салмағы, тепе-теңдігі, жіптің тартылуы - бәрі ойынға тікелей әсер етеді. Бұл музыканттың аспабымен бірдей нәрсе. Алғашқы нәтижелер пайда болған соң өзі де жеңіске ұмтылып, соған шындап кірісті. Бұған дейін нәтижені емес, көбірек қаржыны ойлады», - деді Тарпищев.

Сондай-ақ ол Бубликтің ресейлік теннис мектебінің түлегі екенін еске салды. Айтуынша, спортшы үш жыл бойы Всеволожск академиясында тегін дайындықтан өткен.

«Оны ресейлік теннис мектебінің өнімі деп айтуға болады. Кеткен соң, «маған көмектеспеді» деді. Бұл - спортшыларға тән көзқарас. Бәрі солай болуы керек деп ойлайды. Сондықтан оны айыптаудың қажеті жоқ. Бірақ Бублик о бастан-ақ дарынды теннисші еді. Кетіп қалғаны өкінішті, әйтпесе оған ұсыныс та жасадық», - деп атап өтті федерация басшысы.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам