Жаңа ЖБ Шоу! Қайрат - Брюгге!

Қазақстан құрамасы Дэвис кубогында Монакодан жеңілді

07.02.2026, 19:47

Жалпы есеп - 1:3.

Қазақстан құрамасы Дэвис кубогында Монакодан жеңілді
Қазақстан теннис федерациясы

Қазақстанның үздік теннисшісі, әлемнің оныншы ракеткасы Александр Бублик Дэвис кубогы аясында Монако құрамасының көшбасшысы, әлемдік рейтингте 27-орында тұрған Валентин Вашеромен өзара кім мықтыны анықтады.

Тартысты өткен жекпе-жекте қазақстандық теннисші қарсыласына екі сетте жол берді. Екі партия да тай-брейкке дейін созылып, 7:6 (7:4), 7:6 (9:7) есебімен Монако өкілінің пайдасына аяқталды. Кездесу шамамен екі сағатқа созылды.

Осы нәтижеден кейін Қазақстан құрамасы Монако командасынан жалпы есепте 1:3 есебімен жеңіліп, Дэвис кубогында ұтылып қалды.

Еске сала кетейік, жарыстың алғашқы ойын күнінде Александр Бублик Хьюго Нисті 6:0, 6:3 есебімен жеңіп, ұлттық құрамаға алғашқы ұпайды сыйлаған болатын. Ал екінші жекелей кездесуде Александр Шевченко Валентин Вашеродан 0:6, 3:6 есебімен жеңілді. Ал екінші күн жұптық матчпен басталып, Александр Бублик пен Бейбіт Жұқаев Ромен Арнеодо мен Хьюго Ниске есе жіберді - 7:6, 6:7, 6:7.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам