Жаңа ЖБ Шоу! Қайрат - Брюгге!

Елена Рыбакина жеңіп тұрған сәтінде ойынды жалғастырудан бас тартты

19.02.2026, 11:36

Теннисші Дубайдағы турнирден шығып қалды

Елена Рыбакина жеңіп тұрған сәтінде ойынды жалғастырудан бас тартты
Getty Images

Дубайдағы турнирден Елена Рыбакинаның не себепті бас тартқаны ресми түрде белгілі болды.

18 ақпан күні қазақстандық теннисші Елена Рыбакина Дубайда (БАӘ) өтіп жатқан турнирдің үшінші айналымында хорватиялық Антония Ружичке қарсы матчта күтпеген жерден ойыннан бас тартты.

Үшінші сет барысында, есеп 7:5, 4:6, 0:1 болып тұрған сәтте Рыбакина медициналық тайм-аут алып, өзін жайсыз сезінгенін жеткізді. Ол жүрек айну, бастың ауырлығы және жалпы әлсіздікке шағымданған. Соның салдарынан қазақстандық спортшы матчты жалғастырмау туралы шешім қабылдап, Ружич ширек финалға жолдама алды.

Tennis.com мәліметінше, Елена Рыбакинаның кездесуден бас тартуына «асқазан-ішек жолдарының ауруы» ресми себеп ретінде көрсетілген.

Айта кетейік, Дубай турнирі Рыбакина үшін қаңтар айының соңында өткен Australian Open-2026 турниріндегі жеңісінен кейінгі екінші жарыс болды. Бұған дейін ол Дохада (Катар) өткен турнирде өнер көрсетіп, ширек финалда канадалық Виктория Мбокодан жеңілген еді.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам