Жаңа ЖБ Шоу! Қайрат - Брюгге!

Елена Рыбакина тағы бір титул жеңіп алды

04.03.2026, 10:57

Отандасымыз жұптық сында «Эйзенхауэр кубогының» жеңімпазы атанды

Елена Рыбакина тағы бір титул жеңіп алды
Getty Images

Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина америкалық теннисші Тейлор Фритцпен жұптасып, аралас жұптар арасындағы «Эйзенхауэр кубогы» көрме турнирінің жеңімпазы атанды.

Турнир кездесулері ерекше форматта – 10 ұпайға дейінгі тай-брейк жүйесі бойынша өтті. Финалдық ойында Рыбакина мен Фритц америкалық спортшылар Аманда Анисимова мен Лёрнер Тьенге қарсы кортқа шықты. Тартысты өткен матчта қазақстандық теннисші мен оның серіктесі 10:7 есебімен жеңіске жетіп, чемпиондық атақты иеленді.

Осылайша Рыбакина мен Фритц өткен жылғы жетістігін қайталап, «Эйзенхауэр кубогындағы» титулдарын сәтті қорғап қалды. Айта кетейік, турнир жеңімпаздарына 200 мың доллар көлемінде жүлде қоры табысталды.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам