Жаңа ЖБ Шоу! Қайрат - Брюгге!

Қазақстанның бірінші ракеткасы Индиан-Уэллсте финалға шықты

13.03.2026, 09:27

Данилина бұл жарыста сербиялық Александра Круничпен бірге өнер көрсетіп жатыр

Қазақстанның бірінші ракеткасы Индиан-Уэллсте финалға шықты
ҰОК

Қазақстанның әйелдер арасындағы жұптық сындағы бірінші ракеткасы Анна Данилина Индиан-Уэллсте өтіп жатқан WTA 1000 санатындағы хард турнирінің финалына шықты.

Әлемдік рейтингте жетінші орында тұрған қазақстандық теннисші бұл жарыста сербиялық Александра Круничпен бірге өнер көрсетуде. Олардың жұбы турнирде бесінші нөмірмен тіркелген.

Жартылай финалда Данилина мен Крунич испаниялық Кристина Букша мен америкалық Николь Меликар-Мартинес жұбын 6:3, 6:4 есебімен жеңді. Қос теннисші кортта 1 сағат 19 минут ойнап, үш эйс орындады, бір ғана қос қателік жіберіп, 13 брейк-пойнттың төртеуін сәтті пайдаланды.

Финалда Данилина мен Крунич үшінші нөмірлі жұп – чехиялық Катерина Синякова мен америкалық Тейлор Таунсендке қарсы ойнайды. Чемпиондық матч 14 наурызға жоспарланған.

Индиан-Уэллстегі бұл нәтиже Анна Данилинаға жаңартылған әлемдік рейтингте төртінші орынға көтерілуге мүмкіндік береді. Бұл – спортшының мансабындағы ең үздік көрсеткіш.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0

Материалда:

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам