Жаңа ЖБ Шоу! Қайрат - Брюгге!

Елена Рыбакина әлемнің екінші ракеткасы атанды

13.03.2026, 09:17

Отандасымыз Ига Швёнтекті үшінші орынға ығыстырды

Елена Рыбакина әлемнің екінші ракеткасы атанды
Getty Sport

Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина мансабында алғаш рет Әйелдер теннис қауымдастығының (WTA) live-рейтингінде екінші орынға көтерілді.

Бұл жетістікке ол АҚШ-тың Индиан-Уэллс қаласында өтіп жатқан турнирдің жартылай финалына шыққаннан кейін қол жеткізді. Аталған кезеңге жолдама алу үшін Рыбакина америкалық Джессика Пегуланы жеңді.

Осы нәтижеден соң қазақстандық спортшы рейтингтің екінші сатысына көтеріліп, польшалық Ига Швентекті үшінші орынға ығыстырды. Ал Швентек өз кезегінде украиналық Элина Свитолинадан жеңіліс тапты. Енді Рыбакина финалға шығу үшін дәл осы Свитолинамен кездеседі.

Қазіргі таңда Рыбакина 7523 ұпаймен екінші орында тұр. Көш басында бұрынғысынша 10 415 ұпайы бар Беларусь өкілі Арина Соболенко келеді.

Айта кетейік, Елена Рыбакина – «Үлкен дулыға» санатындағы екі турнирдің жеңімпазы: Уимблдон-2022 және Australian Open-2026.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам