Алаңда жан тапсырған футболшылар. Жаңа шығарылым!

«Рыбакина біздің теннисші»: ресейлік бапкер Қазақстан спортшысын меншіктеді

12.02.2024, 22:46

Даңқты теннисші 2018 жылдан бері Қазақстан азаматы

«Рыбакина біздің теннисші»: ресейлік бапкер Қазақстан спортшысын меншіктеді
WTA

Қазақстандық теннисші Елена Рыбакинаның Абу-Даби турнирінде жеңіске жеткеннен кейін Ресейге еңбегі сіңген бапкер Виктор Янчук оның финалдық кездесуіне баға берді.

Айта кетейік, ақтық сында Рыбакина Ресейдің бірінші ракеткасы Дарья Касаткинаны жеңген болатын.

«Касаткина мен Рыбакинаның ойнау стилі екі түрлі. Рыбакина күшке салып, ақылмен және қызығырақ ойнады деуге болады. Ал, Касаткина допты бұрыштарға ұрып, ойын көрсеткісі келді. Дарьяға агрессия жетіспейді. Соған қарамастан, мен Рыбакинаны осы жеңісімен құттықтағым келеді. Ол Қазақстан атынан шығып жүрсе де, біздің теннисші, мәскеулік теннис мектебінің түлегі», - деді Янчук gotennis.ru порталына берген сұхбатында.

Айта кетейік, Елена Рыбакина Қазақстан азаматтығын 2018 жылы алып, сол уақыттан бері біздің елдің намысын қорғап келеді.

Материалда:

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам