Жаңа ЖБ Шоу! Қайрат - Брюгге!

Қазақстандық жас теннисші ересектер сапында топ жарды

22.03.2026, 17:39

Оның жасы небәрі 18 жаста.

Қазақстандық жас теннисші ересектер сапында топ жарды
Қазақстан теннис федерациясы

Қазақстандық жас теннисші Әмір Омарханов Тунистің Монастир қаласында ересектер арасында өткен халықаралық турнир жеңімпазы атанды.

Қарағанды тумасы финалда түркиялық теннисші Мерт Алкаяны (ATP рейтингінде 382-орын) 7:5, 1:6, 7:5 есебімен жеңді.

Айта кетейік, Омарханов жарысты іріктеу кезеңінен бастап, бір апта ішінде қатарынан сегіз матчта жеңіске жетті. Сонымен қатар ол жұптық сында да жартылай финалға дейін жетті.

Бұл - қазақстандық теннисшінің ересектер деңгейінде жекелей сындағы екінші титулы. Бұған дейін ол 2025 жылдың қараша айында да Тунисте өткен ITF M15 турнирінде жеңіске жеткен болатын.

2025 жылдан бастап жас спортшы толықтай ересектер қатарына ауысты. Алдағы аптада ол ATP рейтингінде өзінің ең үздік көрсеткішіне қол жеткізіп, шамамен 600-орынға көтеріледі.

Әмір Омарханов жасөспірімдер арасында да жоғары нәтижелерге қол жеткізген:

- ITF рейтингінде 4-орынға дейін көтерілген;

- Ролан Гаррос турнирінде жұптық сында жартылай финалға шыққан;

- Australian Open жарысында жекелей сында ширек финалға дейін жеткен.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам