Енді жартылай финалға шығу үшін Рыбакина 25 наурызда америкалық Джессика Пегуланы (№5) жеңуі керек
Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина (№2) Майамиде өтіп жатқан WTA 1000 сериясындағы турнирдің ширек финалына жолдама алды.
1/8 финалда отандасымыз Аустралия теннисшісі Талия Гибсонмен (№68) кортқа шыққан болатын. Матч небәрі 1 сағат 6 минутқа созылып, 6:2, 6:2 есебімен аяқталды.
Енді жартылай финалға шығу үшін Рыбакина 25 наурызда америкалық Джессика Пегуланы (№5) жеңуі керек. Бүгін ол румын қызы Кристиан Жаклиннен (№36) басым түсті.
Еске салайық, Елена Рыбакина Майами турнирінде үш кездесу өткізіп үлгерді. Алдымен ол отандасы Юлия Путинцеваны жеңсе, артынша украиналық Марта Костюкті үйіне қайтарды. Бүгін Гибсоннан басым түсті.
Miami Open турнирі 17 наурызда басталып, 28-не мәресіне жетеді. Жарыстың жалпы жүлде қоры 18 821 450 долларды құрайды. Жекелей сында жеңіске жеткен теннисші 1 151 380 доллар жүлдеге ие болады.